Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк: мұнай бағасы уақытша қымбаттауы мүмкін

Ұлттық банк: мұнай бағасы уақытша қымбаттауы мүмкін

Қазақстан Ұлттық банкі мұнай бағасына қатысты биылғы болжамын қайта қарады.

Бұл туралы ҰБ төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың шиеленісуі мұнай бағасының уақытша өсуіне әсер етуі мүмкін.

Брифинг барысында Ұлттық банк басшысы әлемдік мұнай нарығындағы жағдайдың әлі де тұрақсыз екенін атап өтті. Осыған байланысты 2026 жылға арналған базалық сценарийде мұнай бағасына қатысты алғышарттар қайта қаралып, бұрынғы болжамға қарағанда жоғары деңгейде белгіленген.

Ұлттық банктің есебіне сәйкес, Brent crude oil маркалы мұнайдың орташа бағасы шамамен 66,3 доллар болады деп күтіледі. Алайда жыл ішінде әлемдік сұраныс пен ұсыныс теңгеріміне қарай баға біртіндеп төмендеп, барреліне шамамен 60 доллар деңгейінде қалыптасуы ықтимал.

Сонымен қатар Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені ±1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 18 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Ұқсас материалдар