Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк несиеге сұраныс сегменттер бойынша әртүрлі екенін мәлімдеді

Ұлттық банк несиеге сұраныс сегменттер бойынша әртүрлі екенін мәлімдеді

2025 жылдың II тоқсанында бизнес пен халықтың несиеге сұранысы алдыңғы тоқсан деңгейінде сақталды.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ірі бизнес тарапынан өтінімдер азайған. Себебі мемлекеттік қолдау бағдарламалары шектеулі, ал даму институттары банктерге қарағанда тиімдірек шарттар ұсынып отыр. Осы кезеңде ірі бизнес берген несие өтінімдері 15%-ға қысқарып, 200-ге жетті.

Орта және шағын бизнес керісінше белсенділігін арттырды. Орта бизнес өтінімдері 15%-ға өсіп, 5,3 мыңға жетсе, шағын кәсіп иелері берген өтінімдер 3%-ға артып, 912 мың болды.

Халықтық несие өнімдеріне де қызығушылық байқалды. Ипотекалық, тұтынушылық және автонесиелер бойынша сұраныс артқан. Автонесиеге өтінімдер саны тоқсан ішінде 16%-ға өсіп, 1,6 млн-ға жетті.

Ұлттық банктің болжамынша, III тоқсанда кепілмен берілетін тұтынушылық несие мен автонесиеге сұраныс аздап артады. Ал ипотека мен кепілсіз қарыздарға қызығушылықтың төмендеуі мүмкін.

Ұқсас материалдар