
Сауда қақтығыстарының шиеленісуі және АҚШ қор нарығындағы құбылмалылық алтынды қоса алғанда, қауіпсіз активтерге деген сұранысты тағы да қыздырады.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, нарықта алтын бағасының өсуіне байланысты болжамдар қырық құбылып тұр.
Өткен айда Ұлттық банк қордағы алтынның үлесін шамамен 54%-дан 50%-ға дейін қысқартуды жоспарлаған болатын, бірақ бас тартты. Осыған дейін қымбат металдың бағасы унциясы үшін $3,1 мыңға жетуі мүмкін деген болжам айтылған болатын.
Бірақ енді Ақ үй әкімшілігінің баж салығына байланысты жоспарынан кейін Ұлттық банк нарықтағы сауданы кейінге қалдыруды шешті. Ірі инвестициялық компаниялар АҚШ-қа қарсы жауапқа қатысты белгісіздіктен алтынның одан әрі өсетінін айтып отыр.
Әлия Молдабекова айтып өткендей, Ұлттық банк алтын нарығындағы белгісіздік төмендеп, баға тұрақталғаннан кейін шетелге алтын сатуды қайта бастау мүмкіндігін қарастырады.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің деректеріне сәйкес, Қазақстан Ұлттық банкі 2024 жылдың қорытындысы бойынша сату көлемі бойынша орталық банктер арасында әлемде 2-орында тұр. АҚШ Президенті Дональд Трамптың нарықтағы тарифтерді күрт көтеру туралы шешіміне жауап ретінде алтын рекордтық деңгейге жетті, бірақ кейін түзетілді.
Биыл алтын 2024 жылғы өсімнен кейін 18%-ға қымбаттады, бұл орталық банктердің белсенді сатып алуларынан және Азиядағы сұраныстың жоғары болуынан туындады. Инвесторлар әлемдік экономиканың жай-күйіне байланысты алаңдаушылық пен өсіп келе жатқан сауда қақтығыстары кезінде алтын сатып алып жатыр.