Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк теңге бағамын ұстау үшін интервенция жасауға кірісті

Ұлттық банк теңге бағамын ұстау үшін интервенция жасауға кірісті
30 шілдедегі сауда-саттық барысында теңге бағамы АҚШ доллары үшін 550 теңгеге дейін жетіп, ай басынан бері 5,8%, ал жыл басынан бері 4,7% әлсіреді.  

Валюта нарығындағы өтімділіктің өте төмен болуына және алыпсатарлық қысымның күшеюіне байланысты Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізуге кірісті.

Негізгі экономикалық жағдайлар қолайлы болып қалуда: мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ долларынан тұрақты түрде асып тұр.

АҚШ долларының жаһандық әлсіреу үрдісі сақталуда. Осыған байланысты теңгенің қазіргі әлсіреуі іргелі факторларды көрсетпейді және ұлттық валютаның жеткіліксіз бағаланғанын білдіреді.

"Ұлттық Банк биржалық және биржадан тыс валюта нарықтарындағы жағдайды мұқият қадағалап отырады және қажет болған жағдайда айырбастау бағамының тұрақсыздандырушы ауытқуларына жол бермеу, шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру, сондай-ақ валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға дайын. Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығындағы барлық операциялар туралы толық ақпаратты жариялап отырады", – деп хабарлады Ұлттық банк.

Ұқсас материалдар