Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк төрағасы инфляцияның негізгі себебін айтты

Ұлттық банк төрағасы инфляцияның негізгі себебін айтты

Ұлттық банк ақша массасын шектеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында айтты.

Ол Президенттің тапсырмаларына байланысты қандай шаралар қолға алынғанын айтты.

«Ең бірінші инфляцияны ауыздықтау. Бұл дегеніміз халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканың өсіміне қолдау жасау», – деді Ұлттық Банк басшысы.

Ұлттық банктің пікірінше, инфляция негізінен ақша массасының көп болуына байланысты болады.

«Бізде монетарлық агрегаттар өсіп жатыр. Олар шамамен 18%-ға өсті. Олар аздап төмендеген еді. Қазір тағы ұлғайып жатыр. Яғни, экономикаға көп ақша құйылып жатыр. Негізгі көзі екеуі. Біріншісі – үлкен фискалды құю, екіншісі – тұтынушылық несиелендіру. Экономикада ақша көп. Ұсыныстар, яғни, отандық тауарлар, қызмет көрсету түрлерін шығару оған ілесе алмай келеді. Сәйкесінше сұраныс көп болып, тауарлардың ұсынысы аз болған кезде инфляция өседі. Бұдан басқа импорт бар. Импорт долларға сұраныс деген сөз, ол валюта бағамына қысым жасайды. Бірінші кезекте фискалды консолидация. Үкімет оны жасап жатыр. Екіншіден, тұтынушылық несиелендіруді реттеу. Біз ақша массасын шектеуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Тимур Сүлейменов.

Ұқсас материалдар