Қазақстанда мамыр айындағы мерекелерге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының (мамандандырылған ХҚКО) жұмыс кестесі өзгереді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлағандай, 1, 7 және 9 мамырда барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лар, соның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді.
Ал 2 және 11 мамырда кезекші орталықтар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Бұл кестені тұрғындар мерекелік күндерге жоспар құру кезінде ескергені жөн.
Мамандандырылған ХҚКО-ларда бұл күндері өтініш қабылдау 12:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру 13:00-ге дейін жүргізіледі.





