Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мамыр мерекелерінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Мамыр мерекелерінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда мамыр айындағы мерекелерге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының (мамандандырылған ХҚКО) жұмыс кестесі өзгереді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлағандай, 1, 7 және 9 мамырда барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лар, соның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді.

Ал 2 және 11 мамырда кезекші орталықтар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Бұл кестені тұрғындар мерекелік күндерге жоспар құру кезінде ескергені жөн.

Мамандандырылған ХҚКО-ларда бұл күндері өтініш қабылдау 12:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру 13:00-ге дейін жүргізіледі.

Ұқсас материалдар