Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Mastercard БАӘ мен Қазақстанда Crypto Credential-ды іске қосады

Mastercard БАӘ мен Қазақстанда Crypto Credential-ды іске қосады

Mastercard өзінің инновациялық Masterсard Crypto Credential шешімін қолдануын кеңейтуді жалғастыруда, ол қазір БАӘ мен Қазақстанда қолжетімді болды, деп хабарлады Қазақстандағы Mastercard баспасөз кеңсесі.

Айта кетейік, Mastercard Crypto Credential криптовалюта биржасының пайдаланушыларына күрделі блокчейн мекенжайларының орнына қарапайым бүркеншік атауын пайдаланып криптовалютаны жіберуге және алуға мүмкіндік береді.

Бұл Mastercard-тың аймақтағы негізгі биржалармен және нарық қатысушыларымен серіктестігінің арқасында мүмкін болған. Шешім жеке тұлғалар мен блокчейнде жұмыс істейтін компаниялар арасындағы транзакцияларды растауға және пайдаланушының тексеру стандарттарына сәйкес келетініне, сонымен қатар алушының әмиянының аударылатын активті қолдайтынына сенімді болуға көмектеседі. Бұл метадеректермен және аударымдарды бақылау ережелері (TravelRule) туралы ақпаратпен алмасу арқылы криптовалюта операциясын жүргізу кезінде сенім мен сенімділік деңгейін арттырады.

Бұл кеңейту, ataix Eurasia, Intebix және CoinMENA биржаларына, сондай-ақ цифрлық активтерімен жұмыс істеу үшін жетекші Инфрақұрылым жеткізушілерінің бірі Fuze-ге, аймақтағы пайдаланушы транзакцияларының блокчейнін жеңілдетуге және қорғауға мүмкіндік береді

«Криптовалюта ландшафты дамып келеді, сондықтан біз криптовалютаны қол жетімді және қауіпсіз етуге, транзакцияларды оңтайландыруға және экожүйеге деген сенімді арттыруға көмектесетін инновациялық қызметтерді әзірлеуге назар аудардық. EEMEA аймағында Mastercard Crypto Credential ұсына отырып, біз адамдардың цифрлық активтермен өзара әрекеттесу процесін түрлендіру арқылы блокчейн технологиясына деген сенімділікті арттыру және нығайту туралы көзқарасымызды жүзеге асырамыз», —дейді Masterсard компаниясының EEMEA аймағындағы негізгі төлемдер жөніндегі атқарушы вице-президенті Гауранга Шах.

Masterсard Crypto Credential-ды пайдалану оңай. Алдымен биржа пайдаланушыны Mastercard Crypto Credential стандарттарына сәйкес тексереді. Осы кезде пайдаланушы барлық қолдау көрсетілетін биржаларда қаражат жіберу және алу үшін бүркеншік ат алады. Пайдаланушы аударымды бастағанда, Mastercard шешімі алушының бүркеншік атының жарамды екенін және алушының әмиянының сандық активті, сонымен қатар байланысты блокчейнді қолдайтынын растайды. Егер олай болмаса, жіберуші хабарлама алады және транзакция жойылады, бұл барлық тараптарды қаражаттың жоғалуынан қорғайды.

Пилоттық нұсқа бастапқыда P2P транзакцияларын жеңілдетуге бағытталғанымен, Crypto Credential-дің әлеуетті қолданылуы нарық пен заң талаптарына байланысты NFT, белгілеу және басқа да инновациялық төлем шешімдерін қоса алғанда өте кең.

БАӘ мен Қазақстан, Солтүстік Америка, Еуропа, Латын Америкасы және Азия-Тынық мұхиты нарықтарына қосылады, мұнда пайдаланушылар блокчейн мен түрлі активтерді пайдалана отырып, өңірлер ішінде және арасында трансшекаралық пен ішкі аударымдарды жібере алады. Masterсard Crypto Credential-дың алғашқы пайдаланушылары "first-come, first-serve" қағидаты бойынша, яғни кезек тәртібімен анықталады. Шешім жобаға қатысушы биржаларда алдағы айларда қолжетімдірек болады.

Ұқсас материалдар