Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мемлекеттік органдар «Қазақтелеком», «Эйр Астана», БЖЗҚ-ны жоспардан тыс тексерді

Мемлекеттік органдар «Қазақтелеком», «Эйр Астана», БЖЗҚ-ны жоспардан тыс тексерді

Цифрлық даму министрлігі мен ҚР ҰҚҚ, ""Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ-мен бірлесіп, 3 қазақстандық компаниядан деректердің тарап кетуі туралы ақпаратқа байланысты тексеру жүргізді. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, 16 ақпанда белгісіз тұлғалар GitHub ресурсында хакерлік топтардың бірінің материалдарын жариялаған еді. Онда қазақстандық «Қазақтелеком», «ЭйрАстана», БЖЗҚ базасы мен қазақстандықтардың дербес деректері туралы ақпарат тараған еді. Нәтижесінде мемлекеттік органдар үш компанияны жоспардан тыс тексеріп, «Қазақтелеком» АҚ, «ЭйрАстана» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою үшін бір жыл мерзімге нұсқама берілген. БЖЗҚ-да бұзушылықтар анықталмаған.

Аталған компаниялардың ішінде БЖЗҚ бұған дейін мұның шындыққа сәйкес келмейтіні туралы ресми мәлімдеме жасаған еді. Бүгін заң бұзушылық болмағаны туралы хабарлады.


Ұқсас материалдар