Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Микроқаржы омбудсманына қалай жүгінуге болады?

Микроқаржы омбудсманына қалай жүгінуге болады?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы омбудсманына қалай жүгінуге болатынын түсіндірді. 

Егер сізде микроқаржы ұйымымен (МҚҰ) микрокредит бойынша дау туындаса, сіз микроқаржы омбудсманына жүгіне аласыз.

Микроқаржы омбудсманы – бұл қарыз алушылар мен МҚҰ-ға өзара тиімді шешім табуға көмектесетін, дауларды ақысыз қарайтын тәуелсіз тұлға. Ол тараптардың құқықтарын қорғайды, дауларды шешуге жәрдемдеседі және микроқаржы нарығындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Оған қалай жүгінуге болады?

  • Ресми сайт арқылы: mfombudsman.kz
  • Электрондық пошта арқылы: info@mfombudsman.kz
  • Кеңсеге келіп: Алматы қ., Мынбаева көшесі, 53-ғимарат, 3-қабат, 321-кеңсе

Өтініш беру үшін қандай құжаттар қажет?

  • омбудсманға жазылған өтініш;
  • арыз алушы толтырған сауалнама (сайтта бар);
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • микрокредит шарты, өтеу кестесі, қосымша келісімдер (бар болса);
  • микроқаржы ұйымына немесе талап қою құқығы берілген тұлғаға жазылған өтініштер және олардың жауаптары (бар болса);
  • жеке деректерді өңдеуге және несие есебін алуға келісім

📞 Байланыс нөмірлері:

+7 (727) 338 22 44

+7 (727) 338 22 25

Еске сала кетсек, Қазақстанда микроқаржы омбудсманы институты 2024 жылдың 21 желтоқсанында енгізілген. Омбудсманның шешімі МҚҰ үшін міндетті болып саналады.

Ұқсас материалдар