Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Миллиардер Тимур Турлов Қазақстанда тағы бір медиа жобаны іске қосты

Миллиардер Тимур Турлов Қазақстанда тағы бір медиа жобаны іске қосты
Фото: Тимур Турловтың Facebook парақшасынан 

Миллиардер Тимур Турловтың қаржыландыруымен Oninvest.com медиа жобасы  іске қосылды. 


Тимур Турловқа тиеселі Kursiv Media Holding Ltd. іске қосқан Oninvest.com медиа жобасы ғаламдық қор нарықтарына инвестиция салуға қызығатын инвесторларға арналған.

Сайтта жаңалықтар, сарапшылардың пікірлері, 50 000-нан астам акция эмитенттері туралы мәліметтер базасы мен инвестициялық талдау ұсынылмақшы. Сондай-ақ, орта және шағын капитализациясы бар америкалық компаниялар туралы ақпарат беретін Small Caps айдары бар. Бұған қоса,  Telegram-да бөлек арнасы бар.

БАҚ-ның жазуынша жобаны ресейлік Forbes-тің бұрынғы журналистері мен топ-менеджерлері басқарады. Oninvest.com жетекшісі – Елена Тофанюк, бас директоры – Эльмар Муртазаев. Kursiv Media холдингін Александр Воротилов басқарады, ол бұған дейін Forbes Kazakhstan журналының іске қосылуына атсалысып, forbes.ru сайтын басқарған.

Cайт қазіргі кезде орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат таратуда. 
"Біз – ресейлік Forbes және жетекші іскерлік БАҚ өкілдерінен тұратын команда – жобаны алдымен орыс тілінде ашамыз, өйткені бұл – біздің ана тіліміз. Бірақ жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып келеді, біз жақын арада жақсы аудармашы шығады және барлық ақпарат көптілді болады деп сенеміз, сондықтан бастапқыда қай тілде жасалғаны соншалықты маңызды емес", – деп жазды сайт жоба жетекшісі жетекшісі Елена Тофанюк.

Айта кетейік, Тимур Турлов – Freedom Holding инвестициялық компаниясының негізін қалаушы.  2021 жылы ол алғаш рет Forbes-тің жаһандық миллиардерлер тізіміне кірді, оның байлығы 2,1 миллиард доллар деп бағаланды. 2022 жылдың сәуірінде ол ресейлік миллиардерлер қатарына қосылып, дәулеті 2,4 миллиард доллар деп көрсетілді. Сол жылдың жазында Турлов Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан азаматы атанды.

Ұқсас материалдар