Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Министрліктер 30 млрд теңгені игере алмауы мүмкін – Қаржы министрлігі

Министрліктер 30 млрд теңгені игере алмауы мүмкін – Қаржы министрлігі

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында республикалық бюджеттің игерілу барысына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, шамамен 30 млрд теңге бюджет қаражаты игерілмей қалуы мүмкін.

Министрдің сөзінше, нақты қорытынды жасауға әлі ерте, себебі жылдың аяқталуына екі апта уақыт бар. Осы кезеңде бюджет қаражатын игеру жұмыстары жалғасады.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында микро және шағын бизнесті қолдау шаралары қаралған. Бұған дейін бюджет қаражатын тиімді жоспарлау мен бақылау нәтижесінде 1,5 трлн теңге үнемделгені хабарланған еді.

Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаровтың айтуынша, 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет бойынша 23 орталық мемлекеттік органның өтінімдері қаралып, олардың жартысынан астында кемшіліктер анықталған.

Ұқсас материалдар