Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мобильді аударымдарға жаңа бақылау: кімдер тексеріске ілігеді?

Мобильді аударымдарға жаңа бақылау: кімдер тексеріске ілігеді?

2026 жылдан бастап мобильді аударымдарға қатысты бақылау күшейтілді.

Енді банк картасына үш ай ішінде 100-ден астам адамнан ақша түссе немесе аударымдардың жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асса, бұл кіріс кәсіпкерлік табыс ретінде бағаланады.

Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес, күмәнді операциялар анықталған жағдайда банктер мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды. Бұл талаптар кәсіпкерлерге де, қарапайым азаматтарға да бірдей қолданылады. Алайда қайырымдылық, той-жиын немесе садақа мақсатындағы аударымдар бақылауға алынбайды.

Салық органдары камералдық бақылау барысында бизнес белгілерін анықтаса, азаматқа ескерту жолдайды. Келіскен жағдайда 30 жұмыс күні ішінде салық есептілігін тапсырып, тиісті салықты төлеуі тиіс. Келіспесе, түсіндірме хат пен растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Жаңа талаптар мобильді аударымдар арқылы жасырын табыс табу деректерін анықтауға бағытталған. 

Ұқсас материалдар