
Қазақстанның барлық аймақтарында жылдық инфляция жеделдеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-несие саясаты департаментінің нақты сектор мониторингі басқармасының басшысы Игорь Осипов хабарлады.
2022 жылғы наурызда елдегі жылдық инфляция 12,0%-ға (ақпанда 8,7%) дейін жеделдеді. Қазақстанның барлық 17 өңірінде жылдық инфляция қарқын алды.
Ең жоғары жеделдеу Ақтөбе облысы (9,0%-дан наурыз айында 12,9%-ға дейін) мен Шымкентте (8,5%-дан 12,4%-ға дейін) тіркелді.

«Наурызда азық-түлік бағасының өсу қарқыны 15,4%-ға дейін өсті (ақпанда – 10,0%). Осы топтағы тауарлар бағасының ең жоғары өсімі Ақтөбе облысында (18,5%) қалыптасты. Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсу қарқыны да 10,9%-ға (ақпанда 8,6%) өсті. Ең жоғары көрсеткіш Ақмола облысында (12,4%), ал ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында (9,2%) тіркелді. Наурызда ақылы қызмет көрсету бағасы 8,3%-ға (ақпанда – 7,1%-ға) өсті, бұл ретте бағалар Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында республикалық деңгейден айтарлықтай жоғары (9,4%-ға), Ақтөбе облысында (5,9%-ға) айтарлықтай төмен болды», – деді Игорь Осипов.
Елдегі айлық инфляция 3,7%-ды құрады. Бұл соңғы 5 жылдағы наурыздағы бағалардың орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдары – 0,6%). 2022 жылдың наурыз айында барлық 17 аймақта бағалар тарихи орташа деңгейден жоғары көтерілді. Ай сайынғы инфляцияның ең жоғары қарқыны Шымкентте (4,3%) тіркелді.
