Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Негізгі капиталға инвестиция 3,5 трлн теңгеге жетті

Негізгі капиталға инвестиция 3,5 трлн теңгеге жетті

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин 2026 жылдың басында инвестициялық белсенділік экономикалық өсімнің негізгі драйверіне айналғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,5 трлн теңгені құрап, 6,4%-ға артқан. Қаражат тарту бойынша Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстары көш бастап тұр.

Инвестициялар негізінен электрмен жабдықтау, байланыс және ауыл шаруашылығы салаларына бағытталған.

Сыртқы саудада да оң динамика байқалады. Жылдың алғашқы екі айында тауар айналымы 11,3%-ға өсіп, 21,7 млрд долларға жеткен.

Вице-министрдің айтуынша, экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін арнайы жедел штаб отырыстарында кәсіпорындардың проблемалық мәселелері тұрақты түрде қаралуда.

Сонымен қатар салалық министрліктерге жалпы ішкі өнімнің жоспарланған өсімін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті қаржылық және қаржылық емес шараларды қабылдау тапсырылды.

Ұқсас материалдар