Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Nokia деректер орталықтарына ЖИ енгізуді бастады

 Nokia деректер орталықтарына ЖИ енгізуді бастады

Nokia компаниясы жасанды интеллект (ЖИ) саласын дамыту үшін арнайы жаңа бөлім ашып, оны басқаруға Intel компаниясынан тәжірибелі маман Паллави Махаджанды шақырды.

Бұл туралы Bloomberg компанияға сілтеме жасап хабарлады.

 Ол бұған дейін Intel-де ЖИ және деректер орталықтары бойынша вице-президент қызметін атқарған.

– Мұндағы мақсат – ЖИ технологияларын дата-орталықтарға енгізу. Паллави Махаджан енді Nokia-ның жаңа құрылымына жетекшілік етеді. Бұл бөлімге әйгілі Nokia Bell Labs зерттеу орталығы да кіреді, – деп жазды Bloomberg.

Компания ЖИ арқылы деректер орталықтарының жұмысын тиімді етіп, желілік технологияларды жетілдіруді көздейді. Nokia-ның бас директоры Джастин Хотард (өзі де осы жылы Intel-ден келген):

«Жасанды интеллект телеком операторлардың шығындарын азайтып, клиенттік базаны кеңейтуге көмектеседі», – дейді.

Паллави Махаджан 1 қазаннан бастап қызметіне кіріседі.
 Ал қазіргі технология және стратегия жөніндегі директор Нишант Батра қыркүйек айының соңында компаниядан кетеді.

Ұқсас материалдар