Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы №228 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. 

БАҚ-ның хабарлауынша ол БАҚ өкілдеріне сұхбат бермеген.

Айта кетейік, қазақстандық референдумдағы өзгерістер бойынша дауыс беріп үлгерген. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова  мәлім етті.

«Жалпы, сағат 12-00-дегі жағдай бойынша республиканың 4 677 595 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,54 пайызын құрады», - деді Әсел Жанәбілова.

СІМ баспасөз қызметі хабарлауынша қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр. Қазақстандықтар арасында алғашқылардың бірі болып Токио қаласында өткен референдумда «Нихон» универститетінің 3-курс студенті Жібек Айдын дауыс берген. 

Белсенді дауыс берушілер қатарында Үкімет мүшелері де бар. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және басқа минситрлер түгелдей өздерінің сайлау учаскелерінде дауыс берді. 

Ұқсас материалдар