Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте жем-шөп дайындау науқанының қорытындысы айтылды.
Өңірлерде барлығы 24,7 млн тонна жем-шөп дайындалды. Бұл малды қыстан шығаруға қажетті мал азығы көлемінің 98,9%-ын құрайды. Жем-шөп қорының құрамына 1,5 млн тонна шөп, 1,9 млн тонна сүрлем, 4,5 млн тонна сабан, 4,9 млн тонна құнарлы жем кіреді. Биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан мұндай нәтижелерге жедел штабтың уақтылы әрекет етуінің және мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қол жеткізілді.
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ желісі бойынша фермерлерге арзандатылған бағамен астық сатуға арналған 235 мың тонна көлемінде жем-шөп қоры қалыптастырылды. Жемшөп дайындау үшін қосымша 58 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. "ҚазАгроҚаржы" АҚ жем-шөп дайындау техникасының жеңілдікті лизингін қаржыландыру үшін 10 жылға 6%-бен 20 млрд теңге бөлді. Бұл бағдарлама бойынша 6,9 млрд теңге игерілді, бұл 35%-ды құрайды», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангалий Бердалин