Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Онлайн ипотека: Елімізде жаңа цифрлық жоба іске қосылды

Онлайн ипотека: Елімізде жаңа цифрлық жоба іске қосылды

Қазақстанда тұрғын үйді рәсімдеуді жеңілдетуге бағытталған «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасы іске қосылды.

Жоба Әділет министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілді.

Жаңа жүйе арқылы азаматтар екінші нарықтағы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сатуға арналған нотариалдық мәмілелерді толығымен онлайн рәсімдей алады. Цифрлық ипотека процесі ипотекалық несиеге өтінім беруден бастап, тұрғын үйді рәсімдеуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.

Ипотека рәсімдеу үшін азаматтар банк сайты немесе мобильді қосымша арқылы үйдің құнын, бастапқы жарнаны және несие мерзімін онлайн калькуляторға енгізеді. Жүйе ай сайынғы төлем мөлшерін автоматты түрде есептейді. Өтініш беруші ЖСН мен телефон нөмірін енгізіп, SMS арқылы растау жүргізеді. Осыдан кейін келісімшарттарға электронды түрде қол қойылып, сатып алу-сату рәсімі аяқталады.

Мамандардың айтуынша, бұл бастама уақытты үнемдеп, рәсімдерді жеңілдетуге, сондай-ақ ипотекалық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Ұқсас материалдар