Қытай өнеркәсіп министрлігі жаңа L9-дың сертификат сынағынан өткені туралы ақпарат жариялады. Интернетте тараған суретіне қарағанда L9-дың толыққанды жаңа буыны саналса да, дизайны аса өзгермеген. Тек іріліне түскені байқалады.
kolesa.kz деректеріне сүйенсек, көліктің шанағы үлкейген, ұзындығы — 5255 мм, яғни бастапқы L9-дан 37 мм ұзын, дөңгелек базасы 20 мм артты. Кроссовердің ені 2 мм (2000 мм), биіктігі 10 мм (1810 мм) ұлғайды. Салмағы — 2755-2835 кг.
Сондай-ақ, 72.7 кВт·сағ батарея және 154 ат күшіне ие 1.5 литрлік мотормен жабдықталған. Айта кетейік, бұл жолы компания Power Xinchen компаниясының L2E15M моторын емес, Li Auto әзірлеген жаңа L3E15CA агрегатын орнатқан. Ал аккумулятор CATL-дың 72.7 киловаттық NMC түрі.
Көліктің ең жоғары жылдамдығы — 200 км/сағ (алдыңғы буында 180 км/сағ еді). Гибрид режимде отын шығыны — 100 км-ге 0.23 литр. Машина электр қуатымен 340 шақырымды еркін еңсереді. Жалпы жүріс қоры әзірге белгісіз. Ерекшеліктері артқы дөңгелектері бұрылатын толық басқарылатын шасси, жақсарған бейімделгіш аспа және т.б. жабдықталады.
kolesa.kz хабарлауынша Қытайдағы дилерлер автомобильді II тоқсанда сата бастайды. Ең арзанының бағасы — 559 800 юань (39.8 млн теңге).
Брендтің ресми автосалондары Қазақстанда 2025 жылдың аяғында ашылған. Бірінші буындағы L9-дың Ultra комплектациясы 41.1 млн теңге тұрады.
Айта кетейік, L9-дың бірінші буыны 2022 жылы Қытайда сатыла бастап, бірден ішкі, сыртқы нарықта айтарлықтай сұранысқа ие болды. Алайда басқа қытайлық көлік компаниялары Aito M9, Denza N9, Zeekr 9X, Lynk & Co 900 және IM LS9 сынды ұқсас үлгілерді шығар бастауы салдарынан 2025 жылы Li L9-ға сұраныс 47%-ға немесе 45 200 данаға дейін азайған. Компания бұдан кейін Livis деп аталған көліктің екінші буынын шығаруды шешкен.





