Жаңалықтар
Президент Ақтаудағы ұшақ апатын тексеру үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды

Комиссияны Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.
Сондай-ақ, Президент Астанадан дәрігерлерді жіберіп, зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Бүгін таңертең Бакуден Грозныйға J28243 рейсін орындаған Azerbaijan Airlines-ке тиеселі Embraer 190 ұшағы Ақтау маңында құлаған еді.
Ұшақ ауа райына байланысты Ақтауға бағытталған. Алайда ол жерге қона алмай, апатқа ұшырады. Бортта 67 адам болған, оның ішінде 5 экипаж мүшесі, оның 37-сі Әзірбайжан, 16-сы Ресей, 6-ы Қазақстан, 3-і Қырғызстан азаматтары. ТЖМ мәліметінше 28 адам тірі қалған.