Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Президент Ақтаудағы ұшақ апатын тексеру үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды

Президент Ақтаудағы ұшақ апатын тексеру үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ақтау маңында болған ұшақ апатын тексеру үшін мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Комиссияны  Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. 
Сондай-ақ, Президент Астанадан дәрігерлерді жіберіп, зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Бүгін таңертең Бакуден Грозныйға J28243 рейсін орындаған Azerbaijan Airlines-ке тиеселі Embraer 190 ұшағы Ақтау маңында құлаған еді.

Ұшақ ауа райына байланысты Ақтауға бағытталған. Алайда ол жерге қона алмай, апатқа ұшырады. Бортта 67 адам болған, оның ішінде 5 экипаж мүшесі, оның 37-сі Әзірбайжан, 16-сы Ресей, 6-ы Қазақстан, 3-і Қырғызстан азаматтары. ТЖМ мәліметінше 28 адам тірі қалған.

Ұқсас материалдар