
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Банк ВТБ басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың мәліметінше, кездесуде қаржы-банк және инвестиция саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.