Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Президент құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейтуді тапсырды

Президент құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс саласындағы сапасыздық пен қауіпсіздік талаптарының сақталмауын қатаң сынға алды.

Президенттің айтуынша, сапасыз материалдарды пайдалану және құрылыс нормаларын бұзу – қылмысқа тең әрекет.

Жыл басынан бері Астанада 5 млн шаршы метр тұрғын үй салынған. Бұл – ел бойынша пайдалануға берілген үйлердің төрттен бірі. Алайда, Президент кейбір компаниялар сан қуып, сапаны ескерусіз қалдыратынын атап өтті. Соңғы уақытта тұрғын үйдің қаптамасының құлауы мен лифт апаты адам өліміне әкелген.

Президент Үкіметке құрылыстың барлық кезеңін толық цифрландыруды, ал әкімдерге елді мекендердің цифрлық көшірмесін жасап, нысандарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар құрылыс компаниялары мен мердігерлер туралы ақпарат пен сараптама нәтижелері ашық болуы тиіс.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы өндірістегі қауіпсіздік мәселесіне назар аударды. Биыл Астанада өндіріс орындарында 32 адам жарақат алып, 12 адам қаза тапқан. Осыған байланысты әкімдік пен жауапты министрлікке еңбек қауіпсіздігін күшейту және жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын қабылдау тапсырылды.

Ұқсас материалдар