Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Президент уақыт белдеуі туралы: 1 наурыздан кейін нақты ұсыныстар әзірленеді

Президент уақыт белдеуі туралы: 1 наурыздан кейін нақты ұсыныстар әзірленеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген  сұхбатында уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді. 

Сұхбатта журналист "Қоғамда бірыңғай уақыт белдеуі туралы түрлі пікір бар. Парламент пен Үкіметтің арасында осыған қатысты пікірталас жүріп жатқанын да білеміз. Бұл жөнінде не айтар едіңіз?", деп сұраған еді. 

"Мен жағдайды көріп-біліп отырмын. Үкімет өз шешімінің орынды екеніне сенімді және Қазақстан бір уақыт белдеуінде болуы қажет деп санайды. Уақытты дұрыс пайдалану туралы Барселона декларациясында әртүрлі уақыт белдеуін енгізуге, оны қысқы және жазғы уақытқа ауыстыруға әуес болмау қажеттігі айтылған. Дегенмен азаматтарымыз өтініш білдіріп жатыр. Үкіметтің шешіміне қатысты ашық талқылаулар жандана түсті. Меніңше, қоғамда көзқарас қайшылығын тудыратын мұндай мәселелерді мұқият талқылау қажет", деді президент. 

Ол сондай-ақ, 1 наурыздан кейін нақты ұсыныстар әзірленетінін де атап өтті. 

"Парламентте ғалымдардың, сарапшылардың және аймақ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Тараптар уақыт белдеуін ауыстырудың ел экономикасына және азаматтардың тұрмысына әсері жөніндегі барлық пікірді ескере отырып, 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласты. Содан кейін нақты ұсыныстар әзірленеді. Парламент пен Үкімет бұл мәселені байыппен зерделеп, ортақ әрі дұрыс шешімге келетініне сенімдімін", деді Мемлекет басшысы. 

Ұқсас материалдар