Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қай банктер шағын және орта бизнесті қолдайды?

Қай банктер шағын және орта бизнесті қолдайды?

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz - Қазақстанда 6 мың орташа кәсіпкерлік пен 200 мыңға жуық шағын кәсіпорын несиелік қолдауды қажет етеді, - деп хабарлайды 7kun.kz ақпараттық агенттігі. 

Қазақстанды жыл сайын шағын және орта бизнес саны көбейіп келеді. Статистикаға сүйенсек тамыз айында Қазақстан нарығында 263,3 мың кіші компаниялар тіркелген. 2017 жылмен салыстырғанда 9,7%-ға көбейген.

Кейбір қолданыстағы шағын бизнес субъектілерінің 18,1% -  жаңадан құрылған .  Яғни әлі де белсенділігін арттырмаған компаниялардың тізіміне жатады. Олардың саны 47,7 мыңға жетіп, 2017 жылмен салыстырғанда  21,6% көбейген.

Ал, керісінше, орта бизнес дамуы жоғарылап,  ондай компаниялрды саны 6 мыңға жеткен. Толықтай аталмыш компаниялардың бәрін қоса алғанда 97,3%-ы  Қазақстан нарығында белсенді жұмыс істейді.

Осылайша, бүгінгі таңда шамамен 6 мың орташа кәсіпкерлік пен 200 мыңға жуық шағын кәсіпорын Қазақстан банктерінен қолдау күтетіндер санатында.

7kun.kz тілшісі банктерге хабарласып, шағын және орта бизнеске несие өнімі бар-жоғын анықтады. Нәтижесінде 7 банк шағын және орта бизнеске несие беруге дайын екендігін жеткізді. Олар: Халық банкі, ЦентрКредит, Цеснабанк,  ForteBank, АТФБанкі мен Еуразия, Сбербанк.

Бұлардың ішінде ШОБ-қа ең көп кредитті АТФ Банкі ұсынады. Бұл банктің ШОБ-қааралған несие қоржыны 5 миллиард теңге көлемінде.

Айта кету керек, заңды тұлғалардың несиелендіру секторының тұтастай алғанда (өткен жылғы минус 5.8%) және шағын бизнестің жалпы төмендеуі (әсіресе жылына минус 14,9%) аясында АТФБанктің шағын және орта бизнеске несие беру көрсеткіші жарты жылдың ішінде 12,2%-ға артқан.

Бұдан кейінгі орында Халық банкі мен Цеснабанк - 3 миллиард теңгеге дейін, ал  ForteBank - 2 миллиард теңгеге дейін қаржы бөлуге дайын.

Шағын және орта бизнесті несиелендіру өнімдеріне арналған ең төменгі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі бойынша  ATF және Халық банкі ұсынады.

Сондай-ақ,  «АТФБанк» 13,2% -дан шағын және орта бизнес үшін жылдық тиімді несиелеу мөлшерлемесіне ие. Мәселен, бұл банк 14,6% және 15,7% мөлшеріндегі өнімдерге ие болса,  Халық банкінде - 13,5% -дан 14,2% және 14,8% нұсқалары бар. ForteBank-дің алғашқы үштігі - 16,3% -дан және сегменттің орташа тиімді мөлшерлемесі - 16,9% -дан келеді.

Айта кетейік, несие мерзімі 12 (Банк ЦентрКредит) -дан 120 (Цеснабанк пен БСК) айына дейін өзгереді. Ең танымал несие мерзімі - 84 айға дейін - АТФ, Еуразия, БЦК, Сбербанк, Халық  банкі және ForteBank ұсынады.

 

Ұқсас материалдар