Елорданың екі тұрғыны екі мың адамды алдап, қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Агенттік таратқан хабарламаға сәйкес агенттіктің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті қызметкерлері қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша Р.Ж. Ахымбековаға және К.Ж.Елеукеноваға қатысты қылмыстық іс тергеп, аяқтаған.
Қаржы пирамидасын құрушылар «WhatsApp» пен «Telegram» желілерінде «Астана Раушан касса айналымы» атты чат ашып, ақшалай қаражат алу үшін 2 мың салымшыны тартқан.