Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Qazaq Air әуе компаниясының басқарма төрағасы ауысты

Qazaq Air әуе компаниясының басқарма төрағасы ауысты

Қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясының басқарма төрағасы Еркін Наурызбаев қызметінен кетті. Орнына компания басшысының міндетін атқарушы болып Нұрлан Жақыпов тағайындалды, деп хабарлады әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметі.

Еркін Наурызбаев Qazaq Air басқарма төрағасы қызметін 2022 жылдың 9 қыркүйегінен бері атқарып келген еді.  

«Ол отандық әуе компаниясын басқарған қазақстандық авиация саласындағы алғашқы маман. Еркін Наурызбаевтың авиацияда 19 жылдық тәжірибесі бар, De-Havilland Dash 8-Q400 ұшағын басқарушы және нұсқаушы», - деп атап өтті әуе компаниясы.

Qazaq Air – Қазақстанның аймақтық бағыттарына қызмет көрсету үшін құрылған әуе компаниясы, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорына тиесілі. Әуе флоты 5 De Havilland Dash-8-Q400NG ұшағынан (бұрын Bombardier DHC-8-Q400NG ретінде белгілі) тұрады. 2023 жылы әуе компаниясы 588 мыңнан астам жолаушы тасымалдады.

Ұқсас материалдар