Қытайда «Цинмин» мерекесіне байланысты 4 сәуірде қазақстан-қытай шекарасы жабық болады. Азаматтар мен көлік құралдары, жүктер өткізілмейді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
«Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», дейді МКК.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





