ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бидайдың отандық сұрыптарымен қамтамасыз ету деңгейі қазіргі нарықта 60 пайызға жеткен.
Ал, қалған 40 пайызын шетелден импорттаймыз. Өзгенің өніміне сұранысты азайту үшін көрсеткішті таяу болашақта 80 пайызға жеткізу жоспарланған. Межелі міндетке жету үшін жаңа бидай сұрыптары шығарылмақ.
Министрліктің мәліметінше, былтыр бидайдың 40 сорты шығырылып, тең жартысы ғана сынақтан өткен. Өнім ары қарай диқандарға жөнелтілген. Өнімділік нәтижесі оң болса, сұраныс артып жаңа сұрыптарды өндіру жолға қойылады.