Алматы. 21 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылдың 20-21 қыркүйекте «Қазақстан темір жолы» ҰК басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев бастаған делегация Берлиндегі «InnoTrans 2018 халықаралық көрме жұмысына қатысты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Көрме аясында қазақстандық компания мен «Трансмашхолдинг» АҚ вагон құрастыратын «Тұлпар-Тальго» кәсіпорнын сату - сатып алу туралы келісім жасаған.
Келісімге Қанат Алпысбаев пен «Трансмашхолдинг» бас директоры Кирилл Липа қол қойды.
«Қазақстан темір жолы» басшысы бұл сапарында теміржол көліктерін құрастыру, техникалық тұрғыдан дамыту, жаңа цифрлық технологияны ендіру жөнінде бірқатар екі жақты келіссөздер жүргізді.