2022 жылдың 1 наурызында халық саны 19 миллион 160 мың 700 адамға жетті. Оның ішінде: қала халқы 11 миллион 405 мың (59,5%), ауыл тұрғындары 7 миллион 755,7 мың адам (40,5%) болды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұлттық ститистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың 1 наурызымен салыстырғанда халық саны 1,3% -ға немесе 243,5 мың адамға көбейген.
Соңғы дерек бойынша, Қазақстандағы әйелдер саны ерлерден басым. Әйелдер 51,4 %, ерлер 48.6% болды. Халықтың мың адамға шаққанда табиғи өсімі 11,50 адамды құрады.
Алайда жыл басынан бері 2 айда 537 1 жасқа дейінгі нәресте шетінеген. Өткен жылдың сәйкес мерізімімен салыстырғанда сәби өлімі 3,9 пайызға ұлғайған. Коэффициент бойынша жаңа туған 1000 сәбидің 8,55-і шетінеген.