Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар айының соңына қарай шетелдік заңды тұлғалардың саны бір жылда 8,9%-ке артып, 25,4 мыңға жетті, - деп хабарлайды Zakon.kz.
Ал жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың үлесі 58,8%-ті, яғни 14,9 мыңды құрады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 12,9 мыңды құраған болатын.
Солардың ішінде әдеттегіше шағын шетелдік кәсіпорындар белсенділік танытуда: олардың үлесі тіркелгендердің жалпы санының 98,1%-ін және жұмыс істеп тұрған шетелдік заңды тұлғалардың 97,1%-ін құрайды.
2019 жылғы қаңтар айының нәтижесі бойынша салалар бөлінісінде жұмыс істеп тұрған шетелдік кәсіпорындардың ең көп үлесі көтерме және бөлшек саудаға тиесілі – 45% (6,7 мың), бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 0,2 мыңға төмен. Екінші орында құрылыс – 10,4%, немесе 1,5 мың. Бұл 2018 жылдың алғашқы айымен салыстырғанда. 0,2 мыңға көп. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласы үшінші орында – 1 мың (+11,3 жылына), үлес салмағы – 6,8%.
2019 жылғы қаңтар айының соңында бірлескен меншік формасындағы шетелдік заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің саны 12,3 мыңға жетті, оның 7 мыңы жұмыс істеп тұр. Шетелдік компаниялардың арасында ресейлік компаниялардың филиалдары саны 5 мыңға жуық, олардың ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың үлесі – 61,8%. Екінші орында Түркия: 911 компания, жұмыс істеп тұрғандар үлесі –45,4%. Көшбасшылардың үштігіне Қытай да кірді: 800 кәсіпорын, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар үлесі – 56%.
Сонымен қатар, шетелдік кәсіпорындар арасында жұмыс істеп тұрған филиалдар мен өкілдіктердің ең көп үлесі Нидерландыға тиесілі. Тіркелген 276 заңды тұлғаның 86,2%-і жұмыс істеп тұр.
ҚР-да жұмыс істеп тұрған шетелдік компаниялар санының өсуімен қатар ел экономикасында ТШИ көлемінің артуы да тіркеледі. 2018 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында ТШИ көлемі 17,3 млрд долларды құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңінен 8,4%-ға артық нәтиже көрсетті. Ірі инвестор-елдер қатарына Нидерланды (4,7 млрд доллар), АҚШ (3,9 млрд доллар), Ресей (1,2 млрд доллар), Қытай (1,2 млрд доллар) және Корея Республикасы (0,3 млрд доллар) кіреді.