
ҰҚК дерегінше, ақпан-сәуір аралығында Қазақстанға 128 мыңнан астам ресейлік келген. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ресей азаматтарының Қазақстанға келуі алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе көбейді.
"Биыл ақпан-сәуір аралығында Қазақстанға 128 мыңнан астам Ресей азаматы және 3 074 Украина азаматы келген. 2021 жылдың осы кезеңінде Қазақстанға 58 мыңнан астам Ресей азаматы және 2 617 Украина азаматы келген. Деректер 2021 жылмен салыстырғанда Ресейден келетін азаматтар ағыны екі есеге, ал Украинадан 15 пайызға артқанын көрсетеді", - деді ҰҚК-де.
Айта кетейік, 2022 жылдың қаңтар-наурызында 16 837 Ресей азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алған. Ішкі істер министрлігі мәліметінше, ресейліктер көбіне Қызылорда облысына - 2463, Алматыға - 2116, БҚО - 1677, Қостанай облысына 1525 келген.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025