2022 жылы қазақстандық бидайдың Ауғанстанға экспорты 2021 жылмен салыстырғанда 19,8% - ға өсті, деп хабарлайды zol.ru.
Ресми статистика бойынша, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Ауғанстанға 687,59 мың тонна бидай экспорттады (2021 жылы 573,9 мың тонна).
Тек желтоқсанда ғана Ауғанстанға 118,26 мың тонна бидай экспортталды. 2021 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 74,89 мың тоннаны құрады.
Ал 2020 жылы Ауғанстан 528,8 мың тонна қазақстандық бидай сатып алған еді.