Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 2022 жылдың сәуір айында 0,8-ға өсіп, 33,4 млрд долларды құрады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұлттық банктің дерегінше, алтын-валюта резервтерінің өсуі алтын портфелінің ұлғаюы және Қаржы министрлігінің Ұлттық банктегі шоттарына қаражаттың түсуі есебінен болды.
Алтын портфелі басым құқықпен алтын сатып алуға байланысты 200 млн доллардан астам өсті. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (52,5 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің халықаралық резервтері 2022 жылғы сәуір айының соңында 85,9 млрд долларды құрады.
«Ақша базасы 2022 жылғы сәуірде 7,6%-ға қысқарып, 9 968,0 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері 9,0%-ға). Екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегенде ақша базасы 0,4%-ға, 7 242,4 млрд теңгеге дейін (жыл басынан бері 4,3%-ға) ұлғайды», - деп жазылған Ұлттық банктің ресми хабарламасында.
Бұл ретте 2022 жылғы сәуірде ақша массасы 28 984,2 млрд теңгені (жыл басынан бастап – 3,7%) құрап, 1,8%-ға төмендеді, айналымдағы қолма-қол ақша 1,6%-ға, яғни 3 106,6 млрд теңгеге дейін (жыл басынан бастап-3,6% - ға) өсті.