Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанның сыртқы қарызы 29 167.2 млрд теңгені құрады

Қазақстанның сыртқы қарызы 29 167.2 млрд теңгені құрады

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы жыл басынан бері 15.2% өсіп, 29 167.2 млрд теңгені құрады. Бұл кезеңде ішкі қарыз 23.4% өсіп, сыртқы қарыз 3.0% төмендеген, деп хабарлайды 7kun.kz Jusan Analytics зерттеуіне сүйеніп.

Агенттіктің хабарлауынша қарыздың басым бөлігі атап айтқанда, 73.9% ішкі қарыз. Оның көлемі 21 557.6 млрд теңгені құрайды. Ал сыртқы қарыз – 7 609.6 млрд теңге шамасында.

Үкімет болжамынша 2023 жылы мемлекеттік қарыз көлемі ІЖӨ-нің 26% тең болады. 2022 жылы бұл көрсеткіш 24% болған еді. Ал бұл қарыздарға қызмет көрсету шығыны мемлекеттік бюджеттің 8.8%-ына жеткен.

Агенттік мемлекеттік қарыз KASE индексіндегі капиталдану көлемінен 20.6%, қазақстандық тауардың жалпы экспортынан  12.0% артық, дейді. Айта кетейік, KASE индексіне 9 қазақстандық ірі компанияның акциясы кіреді. Атап айтқанда БЦК, Kaspi, Халық Банк, ҚазМұнайГаз, ҚазТрансОйл, Қазатомөнеркәсіп, KEGOC, Қазақтелеком мен Kcell кіреді. Өткен жылғы қыркүйектің соңындағы мәлімет бойынша KASE индексі ақпаннен бері 28.5% өсіп, 24 176 млрд теңгені құрады. Ал 2023 жылғы алғашқы 9 айда Қазақстан 26 040.4 млрд теңгенің тауарын экспорттады.

Басқа көрсеткіштер бойынша қарағанда сыртқы қарыз мұнай экспортынан 2 есе, мыс экспортынан 26 есе, тау-кен өнімдерінен 28, ураннан 34, ферроқорытпалардан 37 есе, астықтан 43, газдан 48, темір рудасынан 112, көмірден 120, күмістен 137 есе артық

Сондай-ақ, барлық банктердің ссудалық қоржынынан 7.5% көп.

2024 жылы мемлекеттік қарыз 11.5% өсіп, 34 183.3 млрд теңгеге немесе ЖІӨ-нің 25% жетеді. ҚР Қаржы министрлігі көрсеткішті ЖІӨ-нің 30% жеткізбеуге күш салып жатқанын мәлімдеген.

Айта кетейік соңғы 10 жылда Қазақстанның сыртқы қарызы $153,5 млрд - $167 млрд аралығында болды. Мысалы, 2014 жылы $155,5млрд, 2015 жылы 153,5 млрд, 2016 жылы $163,8 млрд, 2017 жылы $167,9 млрд., 2018 жылы $167,5 млрд. 2019 жылы $162 млрд, 2020 жылы $160,9 млрд, 2021 жылы $164 млрд, 2022 жылы $165 млрд, 2023 жылы $161,4 млрд болды. 

Назарларыңызға 2013-2016 жылдары сыртқы қарыз көлемі қандай болғаны туралы видеоинфографиканы ұсынамыз. 



Ұқсас материалдар