Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазатомпром 227,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Қазатомпром 227,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz – «Қазатомпром» ұлттық компаниясы 2021 жылдың нәтижесі бойынша 15 шілдеден бастап акционерлерге дивиденд төлей бастайды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Қазатомпром» компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, ұлттық компания акционерлерінің жылдық қорытынды жиналасының нәтижесі белгілі болды. Онда акционерлер 2021 жылдың қаржылық көрсеткіштерін негізге алып, 1 қарапайым акция үшін дивиденд мөлшері 876,74 теңге деп белгілеген.

"Төлемдердің жалпы сомасы, шамамен, 227,4 млрд теңгені құрайды. Бұл компанияның дивидендтік саясатына сәйкес еркін ақша ағынының 75%-ын құрайды. Оған сәйкес 2021 жылы China General Nuclear Power Corporation пайдасына «ДП» Орталық» ЖШС-дегі компания үлесінің 49%-ын сатудан түсетін түсімдер еркін ақша ағынының есебіне енгізілген",- делінген хабарламада.

Ұқсас материалдар