Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жақсыбек Құлекеев Halyk bank-тің тәуелсіз директоры болды

Жақсыбек Құлекеев Halyk bank-тің тәуелсіз директоры болды


Бүгін "Халық банкі" АҚ директорлар кеңесінде өзгеріс болды. Оның аясында Ж.Құлекеев директорлар кеңесіне кірді.

Жақсыбек Құлекеев С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «математик» біліктілігімен бітірген. Кейін Алматы халық шаруашылығы институтында диссертация қорғап, «экономика ғылымдарының кандидаты» дәрежесін алған. «Қолданбалы математика» бағыты бойынша КСРО халыққа білім беру жөніндегі мемлекеттік комитетінде доцент аттестатын алған. Экономика профессоры.

Ол Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы; Қазақстан Республикасының Экономика министрі, Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі сияқты жоғары мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген, Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-на басшылық қызмет атқарған.

ҚТЖ ұлттық компаниясының экс-президенті 2008 жылдың 1 сәуірінде 100 мың доллар пара алды деген айыппен тұтқындалған еді. 2008 жылдың 13 қарашасында Астана қаласы, Сарыарқа аудандық соты «қызметін асыра пайдалағаны» үшін 3 жылға бас бостандығынан айырған. 2009 жылдың қазанында мерзімінен бұрын шартты түрде босады.

2022 жылы «Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес» атты кітап жазып шығарды. Биыл «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесі құрамына кіріп, тәуелсіз директоры атанды.

Ұқсас материалдар