Қытайлық Li Auto компаниясы электрокөліктерінің бағасын арзандатқаннан кейін, апта басында акцияларының бағасы түсті, деп хабарлады Reuters.
Li Auto компаниясының акциялары дүйсенбі күні Гонконгта 8,3%-ға дейін және Nasdaq биржасында шамамен 5,6% төмендеді. Бұл инвесторлардың көлік бағасын төмендету компанияның табысына қысым жасайды, деп алаңдағанын білдіреді.
Айта кетейік, дүйсенбі күні компания L9, L8 және L7 үлгілеріндегі гибридтік көліктерінің бағасын 20 000 юаньға (2760 доллар немесе 1 226 121 теңге) дейін төмендетті.
Сондай-ақ, олардың алғашқы толық электрлі Mega фургоны да 30 000 юаньға арзандап, 529 800 юань (73 112 доллар немесе 32 479 786 теңге ) тұрады. Осылайша оның бағасы наурыздың 1-інде нарыққа шығарылғанынан кейін бір айдан жаңа асқанда төмендеп отыр. Компания бұған дейін сатып алып қойған клиенттеріне де ортадағы ақшаны қайтарады. Бұл компания табысына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Өйткені компания клиенттеріне алғашқы үш айда 80 400 көлік жеткізген.