Ресей. 2 маусым. 7kun.kz – Жылда шетел асып теңіз жағасында демалып үйренген ресейліктердің көбі биыл демалысты өз еліндегі туристік аймақтарда өткізбекші. Ресей азаматтары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға нәтижесі сондай, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ресейдің туристік қауымдастығының мәліметінше, осы жазғы маусымда ішкі туризм ең жоғары сұранысқа ие. Тіпті, Сочиде all inclusive (бәрі қосылған) қонақ үйлер де пайда бола бастапты. Ростуризм болжамы бойынша, биыл елдің аймақтарына байланысты туристер ағыны былтырмен салыстырғанда 30% өседі.
Турристік компания өкілдері сұраныстың артуы әлемдегі тұрақсыз жағдай дейді. Ресейдің Украинаға басып кіруі, батыс елдерінің Ресейге салған санкциялары қатты әсер етуде екен.
Алайда ресейліктер елдің оңтүстігіндегі Қара теңіз жағалауына барып демалайын десе, көлік қатынасы қиындық тудыруда. Себебі Ресей оңтүстігіндегі бірнеше әуежай Украинадағы жағдайға байланысты жабық тұр.
Мамыр айының басында Ресей Думасында да бұл мәселе көтерілген. Туризм комитетінің төрағасы Сангаджи Тарбаев Украинадағы әскери іс-қимыл көлік қатынасына қиындық тудыруда деген. Қара теңіздегі 4 порттан тек Сочидегі жалғыз порт жұмыс істеп тұр деп мәлімдеді депутат.