Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ресейден мұнай өнімдерін баж салығынсыз импорттауды көздейтін заң жобасы әзірленді

 Ресейден мұнай өнімдерін баж салығынсыз импорттауды көздейтін заң жобасы әзірленді

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында «Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылуын қайта бастау және оған өзгерістер енгізу туралы хаттамасын ратификациялау туралы» Заңның жобасы жарияланды.

Заң жобасын әзірлеген еліміздің Энергетика министрлігі Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді қайта жаңғырту жөніндегі хаттамаға 2024 жылғы 27 қарашада Астана қаласында қол қойылғанын атап өтеді. 

«2010 жылдан бастап қолданыста болған келісім ресейлік мұнай өнімдерін бажсыз импорттауға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның ішкі нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды қадам саналады. 2025 жылға арналған Индикативтік баланс аясында 285 мың тонна автобензин, 300 мың тонна авиаотын, 450 мың тонна дизель отыны және тұтыну шарықтау кезеңдерінде 500 мың тонна битум импорттау жоспарланған», – деп атап өтті министрліктен.

 

Ведомство мәліметінше, осы халықаралық шартқа қатысты заң жобасын ратификациялау Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының басым бағыттарына сәйкес келетін болады. Энергетика министрлігі бұл шешім тәуекелдерді белсенді басқаруға мүмкіндік беретінін және кәсіпорындардың сенімді жұмыс істеуін, сондай-ақ саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ететінін атап көрсетеді.

Аталған жоба қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағымсыз салдарға алып келмейді және ұлттық қауіпсіздікке әсер етпейді.

 

Ұқсас материалдар