Цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне «Робокэш.кз» МҚҰ» ЖШС-не қатысты 5200 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік бұған дейін аталған микроқаржы ұйымына 2 милионнан астам қазақстандықтың жеке деректерінің таралып кету ісі бойынша 1,8 млн теңге айыппұл салынған еді.
Қазіргі таңда Комитетке моральдық шығынды өндіру туралы өтініштер келіп жатыр. Алайда комитет өздерінің моральдық шығынды өндіріп алу жөніндегі орган емес екенін атап өтті.
"Моральдық шығынды өндіру сот тәртібімен жүзеге асырылатындықтан, азаматтар «Робокэш.кз» МҚҰ» ЖШС-не қатысты моральдық шығынды өндіру құқығын жүзеге асыру үшін азаматтық істер бойынша сотқа жүгінуі қажет", деп хабарлайды министрлік.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы 17,67 млрд долларға жетті
- 09 желтоқсан, 2024