«Сәби» қоры мен Kaspi.kz коронавирусқа арналған тест сатып алуға 200 000 000 теңге бөлді
«Сәби» қоры мен Kaspi.kz коронавирусқа арналған 100 000 тест пен жасанды тыныс алу аппаратын сатып алуға 200 000 000 теңге бөлді.
«Сәби» қайырымдылық қорының Президенті және негізін салушы Әсел Тасмағамбетова мен қордың негізін салушы Кеңес Рақышев ҚР Дәрілік заттарды сараптау орталығына 100 000 000 теңгеге коронавирусты анықтауға арналған 50 000 тест сатып алу арқылы көмек көрсетті. Сонымен қатар 10 000 теңгеге ИВЛ V8600 жасанды тыныс алу аппаратын сатып алды.
Kaspi.kz Басқарма төрағасы Вячеслав Ким мен Kaspi.kz Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе де бұл мақсатқа 100 000 000 теңге бөлді.
Covid-19 коронавирусының таралуынан туындаған күрделенген жағдайға қарай елде жарияланған ТЖ және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында жарияланған карантинге байланысты қиын кезеңде «Сәби» қоры «Медициналық жобасының» аясында Қазақстан тұрғындарына көмектесу туралы шешім қабылдаған. Kaspi.kz басшылары осы маңызды бастамаға қосылуды шешкен.
"Коронавирусты уақытында, алғашқы күндері анықтап, вирусқа қарсы ертерек ем алу өмірлік маңызы. Бұл инфекцияның таралу жылдамдығын азайтады. Мұндай жағдайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Қазақстан тұрғындарының өмірі мен денсаулығы, ел болашағының алдындағы жауапкершілік", делінген қор мен компанияның бірлескен мәлімдемесінде.
«Сәби» қорының мәліметінше Covid-19 коронавирусын анықтауға арналған 100 000 дана жедел тест «Олимп» клиникалық-диагностикалық лабораториясына тегін тест жүргізу үшін беріледі. Жасанды тыныс алу аппараты алматылық ауруханалардың біріне сыйға тартылады.