Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Шағын несие беру шарты қатаңдатылды

Шағын несие беру шарты қатаңдатылды
«Онлайн шағын несие алуға өтініш берген кезде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап биометриялық сәйкестендіруді де, электрондық цифрлық қолтаңбаны да (ЭЦҚ) міндетті түрде бір мезгілде қолдану енгізіледі.

Сондай-ақ, микроқаржы ұйымдары  үшін ақша аудармас бұрын клиент өзінің банктік шотының немесе төлем картасының сәйкестілігін анықтауы керек», – деді  Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов. 

Алаяқтық схемаларды пайдалануды және үшінші тұлғаларға несие беруді шектеуге бағытталған шаралар ішінде:

- биометрикасыз несие беруге тыйым салу;

- банктен клиентке алаяқтықтың ықтимал тәуекелі туралы хабарлама жіберу;

- несие алудан ерікті бас тарту, банктер мен микроқаржы ұйымдарының несиелік өтінімдер бойынша ақпаратты несиелік бюроға беру міндеті.

Сонымен қатар, онлайн-несие алуға өтініш берген кезде банктерге өтінішті бере сала емес, келесі күні мақұлдау ұсынылады, осылайша клиент алаяқтар берген несиеден бас тарта алатын «ойлану» кезеңі енгізіледі.

Ұқсас материалдар