Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Шахтадағы апат: 7 кеншінің денесі табылды

Шахтадағы апат: 7 кеншінің денесі табылды
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтаның опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша комиссия құрылған еді.

Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қ. Бозымбаев басқарды. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жеті қызметкердің денесі табылды. Оның жеке басы анықталуда.

  Қайтыс болған жеті жұмысшылардың денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР ТЖМ жедел штабының «жедел желісіне» 23 қоңырау келіп түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйінді астында қалды. ТЖД олардың тізімін жариялады.

Ұқсас материалдар