25 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жаңа дизайндағы 500 теңгелік банкнота айналымға шықты.
Ол «Сақ стилі» элементтерімен безендіріліп, көк түсте жасалған. Ұлттық банктің мәліметінше, жаңа ақша 2026 жылдың екінші тоқсанынан бастап ел бойынша толық қолданысқа енеді, себебі банкоматтар мен төлем жабдықтарын бейімдеуге уақыт қажет.
Жаңа және 2017 жылғы үлгідегі банкноттар 2027 жылдың 24 желтоқсанына дейін қатар айналымда болады. Осы кезеңнен кейін ескі купюраларды банктер мен Қазпоштада 2030 жылға дейін, ал Ұлттық банк филиалдарында мерзімсіз айырбастауға мүмкіндік бар.
Ұлттық банк жаңа банкноттардың заңды төлем құралы екенін және оны қабылдаудан бас тарту әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертті.





