Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Салық берешегі 86 500 теңгеден аспаса, банк шоттары бұғатталмайды

Салық берешегі 86 500 теңгеден аспаса, банк шоттары бұғатталмайды

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгерді.

Енді берешек көлемі 20 айлық есептік көрсеткішке (86 500 теңге) дейін болса, салық төлеушінің шоттары бұғатталмайды.

Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаментінің берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Қайсар Арын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай жағдайда тек өсімпұл есептеліп, салық төлеушіге берешек туралы хабарлама жіберіледі.

Ал берешек 20 АЕК-тен асқан кезде салық органдары толық өндіріп алу тетіктерін қолдана бастайды: өсімпұл есептеу, шығыс операцияларын шектеу және инкассалық өкімхат арқылы мәжбүрлі өндіріп алу қарастырылған. Бұл шаралар қарыз көлемі 45 АЕК-ке (194 625 теңге) дейін болғанда іске асырылады.

Егер берешек 45 АЕК-тен асса, мүлікті тізімдеу, оны сату арқылы қарызды өтеу, тіпті сот арқылы банкрот деп тану шараларына дейін қолданылуы мүмкін.

Хабарламалар алдымен салық төлеушінің жеке кабинетіне жіберіледі. Электронды қолтаңбамен кіру фактісі расталмаса, құжаттар пошта немесе курьер арқылы қағаз нұсқада жеткізіледі.

Жаңа тәртіп 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін қалыптасқан және 2026 жылы төленетін салық берешектеріне қатысты.

Ұқсас материалдар