Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Салық есептілігін кері қайтарып алуға уақытша рұқсат берілді

Салық есептілігін кері қайтарып алуға уақытша рұқсат берілді

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге салық есептілігін кері қайтарып алуға уақытша мүмкіндік берілетінін хабарлады.

Бұл шешім жаңа Салық кодексіне көшу кезеңінде салық салу режимін уақытылы таңдауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Комитеттің мәліметінше, салық есептілігін кері қайтарып алу туралы өтініш 2026 жылғы 1 наурызға дейін, яғни өтпелі кезең аяқталғанға дейін қолжетімді болады. Бұл мүмкіндік ескі және жаңа Салық кодексі шеңберінде жұмыс істейді.

«Салық есептілігінің нысаны қай ақпараттық жүйеде ұсынылса, кері қайтарып алу өтініші де сол жүйе арқылы берілуі тиіс. Егер есептілік жаңа Салық кодексі бойынша тапсырылса, өтініш те жаңа жүйеде толтырылады. Ал ескі Салық кодексі арқылы берілген есептілік тек ескі жүйеде кері қайтарылады», – деп түсіндірді комитет.

Айта кетейік, жаңа Салық кодексінде салық есептілігін кері қайтарып алу нормасы алынып тасталған. Сондықтан бұл уақытша мүмкіндік тек салық салу режимін дұрыс таңдау және дара кәсіпкер қызметін тоқтату мақсатында ғана пайдаланылуы тиіс.

Ұқсас материалдар