Бұл туралы ақпарат Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды.
Компанияның жалғыз акционері – Шухрат Ибрагимов 2025 жылдың 2 желтоқсанында тиісті шешім қабылдаған. Ол директорлар кеңесін басқару қызметінде Бауыржан Райымбековтің орнына келді. Сонымен қатар директорлар кеңесінің құрамынан Аблимит Рахматулаев шығарылды.
Осылайша «Шұбаркөл Премиум» директорлар кеңесінің құрамы мынадай болды:
- Шухрат Ибрагимов – директорлар кеңесінің төрағасы;
- Бауржан Раимбеков – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Анет Шыныбаев – директорлар кеңесінің мүшесі.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың қарашасында компания акционерлерінің тізімі өзгерген болатын. Кеңес Рақышев пен Шухрат Ибрагимов жеке тұлға ретінде акционерлер қатарынан шығып, олардың орнына жалғыз құрылтайшысы әрі басшысы Шухрат Ибрагимов болып табылатын «Astra Capital Ltd.» компаниясы келді.
Рақышев пен Ибрагимов 2024 жылдың 13 қыркүйегінен бастап «Шұбаркөл Премиум» компаниясын 50/50 үлеспен бірге басқарған. Оған дейін компанияның иелері үш тарап болған:
- Тимур Құлыбаевтың «Joint Resources» АҚ (2024 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 67%);
- Раушан Сағдиеваның «FCI Management Llp» ЖШС (16,5%);
- «Trans Coal Investment Group» ЖШС (16,5%).
«Joint Resources» компаниясы «Шұбаркөл Премиум»-ның негізгі акционері болған.
«Шұбаркөл Премиум» Қарағанды облысындағы Шұбаркөл кен орнында (орталық-2 учаскесі) ашық әдіспен тас көмір өндірумен айналысады. Компания 2013 жылы 25 жылдық өндіру келісімшартын алған. 2024 жылғы қорытынды бойынша 74,5 млрд теңге табыс көрсеткішімен Қазақстандағы ең ірі 75 жекеменшік компанияның рейтингісінде 41-орында тұр.
Кеңес Рақышев 2025 жылғы ең бай 75 бизнесмен рейтингінде 23-орынды, ал Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмені тізімінде 10-орынды иеленді. Forbes Kazakhstan оның байлығын 435 млн доллар деп бағалайды.
Шухрат Ибрагимов – Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендері рейтингінің де қатысушысы, 2025 жылы ол бұл тізімде 8-орынға тұрақтаған.





